• image image image image
  • shape
    shape

    Жалпы мәліметтер

    Жалпы мәліметтер

    Бағдарламаның атауы: Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін инновациялық технологияларды дамыту және заманауи инфрақұрылымды құру 

     

    Бағдарламаның мақсаты: Медицина, биотехнология және экология бойынша кешенді зерттеулер жүргізу және Арал-Сырдария өңірінің интеграцияланған және орнықты инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін биологиялық ресурстарды тиімді басқарудың ғылыми-практикалық жолдарын әзірлеу.

     

    Бағдарламаның міндеттері: Зерттеу бағдарламасы үш негізгі блокты қамтиды: медициналық, биотехнологиялық және экологиялық. 

     

    Зертханалар саны: 13 оның ішінде 

    • медицина блогы 8 
    • биотехнология блогы 2
    • экология блогы 3

    Зерттеу тобы: Жалпы 100 оның ішінде 14 көмекші құрам, 5 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 28 PhD, 42 жас ғалым және 6 шетелдік ғалым (Түркия, Канада. Венгрия, Германия, Қытай, Австралия). 

     

    Халықаралық байланыстар:

    • Гази университеті, Медицина факультеті, Түркия;
    • ГЕН КӨК Геном және дің жасушалары орталығы, Түркия
    • Су экологиясы институты, Венгрия
    • Ковентри университетінің Агроэкология, Су және Төзімділік орталығының жоғары өнімді аналитикалық хабы, Англия
    • Марбург университеті, Германия
    • Макгилл университеті, Канада 

    Консорциум:

    • Әль-Фараби университеті
    • Назарбаев университеті 
    • Генетика және физиология институты