shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Қауіпсіз қарым-қатынас – саналы қоғамның негізі

Қауіпсіз қарым-қатынас – саналы қоғамның негізі

Факультетіміздің ТФД-511 тобының кураторы Тулиеев Мақсат студенттерге арналған «Қауіпсіз қарым-қатынас: құрмет пен еркіндік теңдігі» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.

 Шара барысында студенттер тақырыпты слайдтық презентациялар арқылы кеңінен түсіндіріп, қазіргі қоғамдағы қауіпсіз қарым-қатынастың маңызы, жеке шекараны сақтау, өзара құрмет пен жауапкершілік мәселелері төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

 Кездесу пікірталас форматында өтіп, студенттер арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы өз көзқарасын білдіріп, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың қоғамдағы рөлі туралы мазмұнды ойлар айтты.

Мұндай тәрбиелік шаралар жастардың саналы ойлауын қалыптастырып, жауапкершілік пен құрметке негізделген мәдениетті қарым-қатынас құруына ықпал етеді.