shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Өмір – аманат: қиындықты еңсерудің рухани және психологиялық жолдары

 Өмір – аманат: қиындықты еңсерудің рухани және психологиялық жолдары

Факультетіміздің ТТО-311 тобының кураторы Базарбаева Зиеада студенттерге арналған «Өмір – аманат: қиындықты еңсерудің рухани және психологиялық жолдары» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Шара пікірталас форматында өтіп, студенттер өмірдегі түрлі қиындықтарды еңсеруде рухани беріктік пен психологиялық тұрақтылықтың маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында жастар өмірдің адамға берілген үлкен аманат екендігін, кез келген сынақтың адамды шыңдап, рухани тұрғыдан кемелденуге жетелейтінін кеңінен талқылады.

Студенттер өзара пікір алмасып, өмірлік құндылықтар, сабыр, үміт және қиындықтарға дұрыс көзқарас қалыптастыру мәселелері төңірегінде мазмұнды ойлар айтты. Мұндай тәрбиелік шаралар жастардың рухани дүниесін байытып, психологиялық тұрғыдан мықты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.