shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Суицид – тығырықтан шығудың жолы емес»

ТДТ-511 тобының кураторы Адиева Лаззаттың ұйымдастыруымен «Суицид – тығырықтан шығудың жолы емес» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өткізілді. ????
Іс-шараға университетіміздің кәсіби психологы Лязат Мырзашова арнайы қатысып, тақырыпты психологиялық тұрғыдан жан-жақты түсіндірді. ????✨ Ол студенттерге суицидтің алдын алу, күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау және психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы құнды ақпараттар ұсынды. ????????
Кездесу барысында білім алушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, толғандырған сұрақтарына нақты жауап алды. ????????
Аталған шара жастардың психологиялық саулығын нығайтуға, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыруға бағытталған маңызды әрі мазмұнды кездесу болды. ????????