«Сталкинг: қауіпсіздік және жеке шекара»
ТДТ-411 тобының кураторы Тілекеева Балайымның ұйымдастыруымен «Сталкинг: қауіпсіздік және жеке шекара» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өткізілді. ????
Іс-шараға университеттің кәсіби психологы Лязат Мырзашова арнайы қатысып, сталкингтің психологиялық және әлеуметтік қырларын жан-жақты түсіндірді. ????✨ Ол бұл құбылыстың адам өміріне, эмоционалдық жағдайына және қауіпсіздігіне тигізетін әсеріне тоқталып, мұндай жағдайда өзін қалай қорғау керектігі жөнінде нақты кеңестер берді.
Куратор Балайым Тілекеева өз сөзінде: «Сталкинг – тек жеке мәселе емес, бұл – қоғам назарын қажет ететін өзекті тақырып. Әр студент өзінің жеке шекарасын біліп, оны қорғай алуы тиіс», – деп атап өтті.
Ал психолог Лязат Мырзашова: «Кез келген қысым көрсету немесе рұқсатсыз қадағалау – қалыпты жағдай емес. Мұндай әрекеттерге бейжай қарамай, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды», – деп студенттерге сақ болудың маңызын жеткізді.
Кездесу барысында білім алушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, нақты мысалдар келтіріп, толғандырған сұрақтарына кәсіби жауап алды. ????
Аталған шара сталкинг мәселесінің маңыздылығын айқындап, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әрі мәнді кездесу болды. ????????
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 