Болашақ талапкерлермен тағылымды кездесу
Болашақ талапкерлермен тағылымды кездесу
2026 жылдың 27 ақпан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Төлегенов Мұхит Түркістан қаласындағы Абай атындағы №31 мектептің жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен оның іліміндегі ғылым, рухани тәрбие және тағылымдық құндылықтар туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар университетіміздегі «Дінтану» мамандығының ерекшеліктері, оқу мүмкіндіктері мен болашақ кәсіби бағыттары жөнінде маңызды ақпараттар ұсынылды.
Оқушылар болашақ мамандықтары жайлы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толық жауап алды.
Мұндай кездесулер жас талапкерлерге мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға бағыт-бағдар беріп, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 