shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Теология факультетінде  – жаңа студент-декан!

2025–2026 оқу жылының басталуымен бірге факультетімізде маңызды әрі жауапты сәт орын алды – студент-декан сайланды.

Жиынды факультетіміздің Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Қыпшақбаев Нұрперзент ашып, студенттерге оқу ережелері, тәрбие жоспарлары және студенттік өзін-өзі басқару құрылымының маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Студент-декандыққа үміткер ретінде 2-курс студенті Сәрсенбай Сәттіғұл өз кандидатурасын ұсынып, барлық студенттердің толық қолдауына ие болды. Бұл – жастардың бірауыздылығы мен ортақ мақсатқа адалдығының айқын көрінісі.

Сонымен қатар бұрынғы студент-декан Рысбай Аймереке мен факультетіміздің белсенді жастары жаңа студенттерге өз тәжірибелерін жеткізіп, қоғамдық өмірге белсене араласудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында 1-курс студенттері арасынан жаңа белсенділер іріктеліп, факультет пен университет өміріне тың серпін беретін жас көшбасшылар қатары толықты.

???? Бұл шара – студенттердің тек білім алып қана қоймай, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуына жол ашатын игі бастама болды.