✨ **Студенттердің тұрмыс-тіршілігі – басты назарда!** ✨
Теология факультетінің деканы университеттің бірнеше жатақханасында болып, студенттердің жағдайымен танысты.
???? Ол 1-ші, 2-ші жатақхана және Жаңа қала ықшам ауданында ашылған жаңа жатақханада жастармен арнайы кездесу өткізіп, ашық сұхбаттасты.
✅ Ерлер жатақханасында тұрмыс қалыпты, жағдай жақсы.
✅ Қыздар жатақханасында да бәрі ойдағыдай. Тек бірінші курс студенттері тұратын бір бөлмеде электр шамы ауыстырылмағаны айтылды. Бұл мәселені арнайы журналға жазып, кезекшіге ескерту жасалды.
???? Студенттердің ризашылықпен жеткізген бір жаңалығы көңілге қуаныш сыйлады. Жастар арасында *«Титаник»* деген атаумен танымал асханада тамақ бағасы өте қолжетімді екен.
???? Толық мәзір алса да – 800 теңгеден аспайды.
???? Ал небәрі 400 теңгеге тойып шығуға болады екен.
Бұл – еліміздің басқа ешбір университетінде кездеспейтін жағдай. Бұл – Түркістанның берекелі мекен екенін, сондай-ақ университет басшылығының студенттерге жасап отырған ерекше қамқорлығының айқын айғағы.
«25 қазан – Республика күні» 