shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

1-курс студенттерін оқу орнымыздың корпустарымен кеңінен таныстырды

???? Бүгін факультетіміздің кураторлары 2025–2026 оқу жылында университет табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттерін оқу орнымыздың корпустарымен кеңінен таныстырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас студенттердің жаңа ортаға тез бейімделіп, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру болды.

???? Таныстыру барысында студенттер оқу процесі жүретін аудиторияларды, түрлі әкімшілік кабинеттерді, сондай-ақ күнделікті жиі баратын арнайы орындарды көріп шықты. Әсіресе, университетіміздің мақтанышы саналатын кітапханаға ерекше тоқталды.

???? Кітапхана – тек қана кітаптар қоймасы емес, ол – білім мен руханияттың орталығы. Кураторлар студенттерге кітапхананың бай қоры, заманауи оқу залдары мен электронды базалары жайлы кеңінен ақпарат беріп, ғылыми ізденіске жол ашатын мүмкіндіктерді түсіндірді. Студенттердің кітап оқуға деген құлшынысы мен ынтасы осы сәтте айрықша байқалды.

???? Факультет тарапынан ұйымдастырылған бұл шара студенттер үшін пайдалы әрі есте қаларлық тәжірибе болды.