Факультеттегі кураторлар жиналысы
Сонымен қатар, студенттердің сабаққа тұрақты қатысуын қадағалау маңызды міндеттердің бірі екендігі айтылды. Жоспарда көрсетілген айлық тақырыптардың уақытылы өткізіліп отыруы қажет екендігіне назар аударылды.
Факультет деканы кураторларға идеологиялық тәрбие бағытындағы іс-шаралардың жүйелі түрде жалғасуын тапсырды. Атап айтқанда, «Адал адам», «Толық адам», «Таза Қазақстан» акцияларына байланысты шаралардың үзілмей жүргізілуі, сондай-ақ нашақорлық пен лудоманияның зияны жөнінде студенттер арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет екендігі қадап айтылды.
✨ Бұл басқосу кураторлардың алдағы жұмысына бағыт-бағдар беріп, жаңа оқу жылында тәрбиелік іс-шаралардың сапалы атқарылуына жол ашты.
«25 қазан – Республика күні» 