shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

✨ Университетімізге ICESCO ұйымының Бас директоры келді! ✨

Бүгін Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (ICESCO) Бас директоры Салим бин Мұхаммед әл-Малик оқу ордамызға арнайы келіп, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Қадірлі мейманды Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастап келді. Бұл – Бас директордың Қазақстанға алғашқы сапары.

Кездесуде Теология факультеті студенттері де белсене қатысып, өз сауалдарын қойды. Бас директор жастарға:

«Жастық шақты білім мен ғылымға арнаңыздар, ата-ана мен ұстазды құрметтеңіздер, қоршаған ортаға қамқор болыңыздар» – деген өнегелі кеңес айтты. ????????

Шара соңында студенттер қонаққа арнау айтып, ұлттық ән-күйлер орындап, ерекше әсер сыйлады.