Ашық сабақ
21.02.2025ж күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті, «Теология» факультетінде «Философия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Философия» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Н.Жаныкулов, «Ортағасырлық шығыс философиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақты пән оқытушысы Н.Жаныкулов ашып берді. Іс-шара одан әрі ТФД-411 тобының білім алушылары М.Дайрабай және Т.Тұрмаханбеттің “Ортағасырлық шығыс философиясы” тақырыбындағы баяндамасымен жалғасын тапты. Баяндамада ортағасырлық шығыс философиясының мәні терең түсіндіріліп, оның әлемдік философиядағы орны және батыс философиясына қосқан үлесі жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ ислам философиясының белді өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, әл-Ғазали, Ибн Сина және Ибн Рушд сынды ұлы ойшылдардың философиялық мұралары жайында қызықты ақпараттар берілді.
Мазмұнды баяндамадан соң ТФД-411 тобының білім алушылары екі топқа - “Әл-Фараби” және “әл-Ғазали” - бөлініп, топ арасында жарыс ұйымдастырылды. Топтық жарыста ашық сабақ тақырыбы аясында үш этапты “сәйкестендіру” , “жалған, шын”, “сөзжұмбақ” интеллектуалды ойындар ойнатылды. Топтық жарыстың нәтижесінде жеңімпаз топ анықталып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Іс-шара соңында «Философия» кафедрасының меңгерушісі PhD, аға оқытушы М. Исаев сөз алып, ашық сабақтың тұтастай аудиторияның қатысуымен жоғары деңгейінде өткенін айтып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдірді. Одан әрі «Философия» кафедрасының оқытушылары, философия ғ.к. Г.А. Шадинова, PhD, қауымдастырылған профессор Қ.Қалдыбай қорытынды ой айтып, жеңімпаз топқа дипломдарын табыстады.