shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Теология кафедрасы 2021 жылы Теология факультетінің құрамынан жаңа кафедра болып ашылды. Теология кафедрасында қазіргі таңда 13 оқытушы жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 профессор,  6 PhD аға оқытушы,  6 магистр. Кафедра елімізде теолог мамандарды дайындауда жетекші орын алады. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші 55%. 

Кафедра оқытушы-професссор құрамы халықаралық және республика көлемдегі ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Сондай-ақ басқа да Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілуіне ықпал етеді.

Кафедрада шетелдік білім беру, ғылыми-зерттеу, тағлымдама базалары ретінде Мармара (Стамбул), Эрджиес (Кайсери), Ондокуз Майыс (Сивас) және т.б университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған.

Кафедрада 2 бакалавр (6В02229-Теология, 6В02266-Исламтану), 1 магистратура (7М02262-Теология) білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді.
2022-2023 оқу жылы 6В02266-Исламтану (Бірлескен) білім беру бағдарламасы ашылып, студенттер қабылданды.

Білімгерлер 6В02229-Теология білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарды иеленіп келеді.

2023 ж. Тамыз айында Теология кафедрасынан 5 ОПҚ Түркиядағы Анкара қаласында Ислам ойшылдық институтында біліктілік арттыру курсынан өтті.