Тарих және жалпы ақпарат
![](/admin/ckeditor_files/files/%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%20%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%B5%20%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D1%8B%20%D0%B0%D0%BA%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82.jpg)
Теология кафедрасы 2021 жылы Теология факультетінің құрамынан жаңа кафедра болып ашылды. Теология кафедрасында қазіргі таңда 13 оқытушы жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 профессор, 6 PhD аға оқытушы, 6 магистр. Кафедра елімізде теолог мамандарды дайындауда жетекші орын алады. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші 55%.
Кафедра оқытушы-професссор құрамы халықаралық және республика көлемдегі ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Сондай-ақ басқа да Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілуіне ықпал етеді.
Кафедрада шетелдік білім беру, ғылыми-зерттеу, тағлымдама базалары ретінде Мармара (Стамбул), Эрджиес (Кайсери), Ондокуз Майыс (Сивас) және т.б университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған.
Кафедрада 2 бакалавр (6В02229-Теология, 6В02266-Исламтану), 1 магистратура (7М02262-Теология) білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді.
2022-2023 оқу жылы 6В02266-Исламтану (Бірлескен) білім беру бағдарламасы ашылып, студенттер қабылданды.
Білімгерлер 6В02229-Теология білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарды иеленіп келеді.
2023 ж. Тамыз айында Теология кафедрасынан 5 ОПҚ Түркиядағы Анкара қаласында Ислам ойшылдық институтында біліктілік арттыру курсынан өтті.