shape
shape

Миссия және көрініс

Миссия және Көрініс

Миссия:  Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті, қоғам  алдындағы  жауапкершілікті  сезінетін, ынтымақтастық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын  түсінетін өзгермелі еңбек рыногы талаптарына бейімделе алатын, кәсіби құзыретті мамандарын дайындауда сапалы және қолжетімді білім беру қызметтерін көрсету

Міндеттері:

  • Студенттерге теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген педагогика  мен психологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру
  • Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;
  • Мекемеде психологиялық жағымды және қауіпсіз білім  беру ортасын жасақтауға қатысу;
  • Білім беру үдерісіне қатысушыларының психологиялық-педагогикалық  құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру;
  • Университетте оқу үшін шетелдік студенттерді тарту;
  • Академиялық ұтқырлық шеңберінде профессорларды шақыру;
  • Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты арттыру;
  • Профессорлар мен оқытушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру.