shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

«Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталады. Осы жылы «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы болып құрылып, оны социология ғылымдарының докторы, профессор О.Нұсқабаев басқарды.  1998 оқу жылында «Философия тарихы, педагогика және психология» кафедра болып бөлінді, кафедраға философия ғылымдарының докторы, профессор А.Абуов басшылық етті.

2002 жылы «Педагогика» кафедрасы болып жеке бөлініп шықты, кафедраны  п.ғ.к., аға оқытушы Қ.Ыбраимжанов басқарды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ №1 сенат мәжілісінің 2004 жылдың 28-қазан күнгі шешімімен «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы «Жалпы психология» және «Жалпы педагогика және этнопедагогика»  кафедрасы болып бөлінді. «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Б.Ортаев тағайындалды. Кафедраны 2005 оқу жылынан бастап  п.ғ.к., доцент Б.Құлахметов, 2006-2007 оқу жылынан бастап «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасынан еліміздің көрнекті педагог-ғалымы, п.ғ.д., профессор Л.К.Керімов, 2011-2012 оқу жылынан бастап «Жалпы педагогика және этнопедагогика»  кафедрасы меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент.м.а А.Рысбекова тағайындалды. 2014-2015 оқу жылында п.ғ.д., профессор Ж.З.Торыбаева басқарды. 2017 жылы «Жалпы педагогика және этнопедагогика» және «Жалпы психология» кафедралары бірігіп, «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасы болып қайта құрылды. 2015-2016 оқу жылынан бастап «Педагогикалық ғылымдар»  кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ.Рысбекова тағайындалды. 2021-2022 оқу жылында кафедра атауы «Педагогика және психология» кафедрасы болып өзгертілді.

6В01101, 7М01101, 8D01101 -Педагогика және психология білім беру бағдарламасы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетіне қарасты бөлімше болып табылады. Кафедрады барлығы 1 профессор, 8 кандидат, 4 PhD доктор, 5 аға оқытушы, 3 магистр, 2 орта мектеп мұғалімі (дуальді білім беру).

Кафедра дайындайтын білім беру бағдарламалары мәліметі: Кафедра білім берудің үш деңгейлік жүйесін жүзеге асыруда. Атап айтқанда, 6В01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, 7М01101-Педагогика және психология магистрі мен 8D01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы  бойынша докторанттарды дайындауда.