Ішкі академиялық ұтқырлық аясындағы дәріс: «Эмоционалды зияттылық және эмоционалдық құзыреттілік»
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Педагогика кафедрасының оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Куатова Жүзира Жолдасовна, PhD, аға оқытушы Ортаева Ақмарал Сапаралиевна және PhD, аға оқытушы Ахметова Эльмира Қалдыбековна білім алушыларға дәріс өткізді.
Дәріс «Педагогика және психология» кафедрасында ГПП-311 тобы студенттеріне «Эмоционалды зияттылық және эмоционалдық құзыреттілік» тақырыбында өтті. Оқытушылар эмоционалды зияттылық ұғымының мәні мен мазмұнын кеңінен түсіндіріп, оның адамның өз эмоцияларын түсініп, оларды тиімді басқару қабілеті екенін атап өтті. Сонымен қатар басқа адамдардың эмоцияларын тану, түсіну және дұрыс қарым-қатынас орнату да эмоционалды зияттылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде талқыланды.
Іс-шара барысында эмоционалдық құзыреттіліктің тұлғаның кәсіби және жеке өміріндегі рөлі қарастырылып, білім алушыларға эмоцияларды реттеу, жағымды қарым-қатынас орнату және стресс жағдайында өзін ұстай білу жолдары түсіндірілді. Эмоционалды зияттылықтың педагогикалық қызметтегі маңызына ерекше назар аударылды. Дәріс барысында теориялық мәліметтермен қатар практикалық мысалдар келтіріліп, студенттер өз тәжірибелерінен мысалдар айтып, тақырып бойынша пікір алмасты.
Ұйымдастырылған дәріс білім алушылардың эмоционалдық мәдениетін дамытуға және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды.
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам
Сабақ кестесі 