shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Тарих кафедрасы университет құрылуымен өз жұмысын бастаған алғашқы кафедралардың бірі болып саналады. Кафедра өз тарихында «Қазақстан тарихы», «Жалпы тарих», «Археология және этнология», «Түркі мемлекеттерінің тарихы» атымен де дербес жұмыс жасады. Кафедра тарихшы мамандарды дайындауда аймақта жетекші орын алады. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші 82%.
Кафедра оқытушы-професссор құрамы халықаралық және республика көлемдегі ғылыми конференцияларға қатысуымен қатар, кафедрада жыл сайын дәстүрлі түрде «Өзбекәлі Жәнібек оқулары», «Түркістан тағылымдары» және басқа да Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілуіне ықпал етеді. Кафедрада шетелдік білім беру, ғылыми-зерттеу, тағлымдама базалары ретінде Ақдениз (Анталия), Хаджеттепе (Анкара), Хаджи Байрам Вели (Анкара), Мугла Сытки Кочман (Мугла) университеттері және Өзбекстан ҒА Тарих институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. 
Білімгерлер 6В01615-Тарих, 6В02231-Тарих Білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарды иеленіп келеді. Кафедрада 2 бакалавр, 1 магистратура, 1 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді.
2024-2025 оқу жылында білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарының жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттар жасалған) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 20,75. Оның ішінде 3 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы, 4 магистр оқытушы  қызмет атқарады. Тарих кафедрасында 6В01615-Тарих, 6В02231-Тарих, 7М02210-Тарих, 8D01604-Тарих білім беру бағыттары бойынша мамандар даярлайды.
Білім беру үдерісінде білім беру бағдарламаларының тұжырымдамасы білім және ғылым саласындағы теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қағидасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары оқу үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, жағдайлары мен технологияларын реттейді, мамандарды даярлаудың бағыты бойынша бітірушілердің білім сапасын бағалайды және тиісті білім беруді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін материалдарды қамтиды. 
Тарих саласында мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламалары әртүрлі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламаларының пәндері еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін негізгі кәсіптік құзыреттерді меңгеруге бағытталған.
Кафедра оқытушы-професссор құрамы халықаралық және республика көлеміндегі ғылыми конференцияларға қатысумен қатар, рейтингтік ғылыми журналдардағы (Scopus, Elsevier, Clarivate Analitic, WoS) жарияланымдарымен ҚРБжҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатынОтандық басылымдардаүлесін арттыруда. Кафедра оқытушы-профессор құрамы университет, ұжым имиджін арттыру бойынша да әлеуметтік желілерге (Facebook, ВКонтакте, Instagram) шығу, белсенділігін танытуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, өңірлер бойынша ғылыми ізденіс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы Тарих кафедрасынан құрылған жұмыс тобының мүшелері дайындаған 6 архив құжаттарының жинағы және «Кеңес өкіметінің дін саясаты және діни себептермен қуғындалғандар» монографиясы, 4 мыңа жуық адамды қамтыған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының толық құқықтық ақтауға ұсынылғандардың кеңейтілген тізімі баспадан шығарылды. Тарих кафедрасының оқытушы-профессорлары Өңірлік комиссия жұмыс тобының құрамында (т.ғ.д., профессор Х.М.Тұрсұн, т.ғ.к., PhD Р.Хазретәліқызы) мұрағат қорларында жұмыс жасалды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы келісілген гранттық қаржыландыру жұмыстарын жүргізу бағытында «Түркі тілдес мемлекеттерінің тарихи-мәдени ықпалдастығын қалыптастырудың саяси, құқықтық тәжірибесі және даму бағыттары» атты гранттық жоба орыындалуда (жоба жетекшісі PhD доцент Қ.Базарбаев). 
Тарих кафедрасында ОПҚ және білімгерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында іс-шаралар жүзеге асырылады. Эдвайзерлер топ білімгерлеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекші мамандармен кездесулер ұйымдастырып отарады. Кафедрада білім бағдарламалары бойынша білімгерлерден құрылған «Орда» тарихи-танымдық клубы жұмыс жасап келеді. Клубтың  жоспары  бойынша түрлі сұхбаттар, кездесулер өткізіліп тұрады. Бекітілген тәрбие жоспарына сәйкес кафедра ОПҚ-ы құрамы білімгерлер үшін жатақханаларда түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Қазіргі таңда кафедрада білімгерлермен 4 топ кураторы тәрбие жұмысын жүзеге асыруда. Мәдени-эстетикалық бағыты бойынша факультеттің топ студенттері Ахмет Ясауи және Арыстан бап кесенесіне, мұражайларға және қаланың мәдени орталықтарына белсенді түрде барып отырады. Діни экстремизмін алдын-алу іс-шаралары шеңберінде,  адамгершілік және патриоттық тәрбие бағыты бойынша ОПҚ және білімгерлер арасында кездесулер ұйымдастырылады.