Психологиялық тұрақтылық – табысты өмірдің кілті!
Бүгін Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ГБП-411, ГБП-412, ГБП-413, ГМД-411, ГМД-311, ГТА-411 және ГТА-412 топ студенттері психологиялық тұрақтылықты арттыру және оның алдын алу шараларын жүзеге асыруға бағытталған танымдық-тәрбиелік іс-шараға қатысты. Жиын университетіміздің Психологиялық қолдау көрсету орталығының мамандарының қатысуымен өтіп, студенттерге психологиялық саулықты сақтау, күйзелістің алдын алу тәсілдері және ішкі ресурстарды тиімді басқару бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық тұрақтылығын күшейту, стресс жағдайларын басқару дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар қиын сәттерде мамандардан кәсіби психологиялық көмек алудың маңыздылығын көрсету болды.
Кездесу барысында орталық мамандары жастарға пайдалы кеңестер беріп, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтаудың, дұрыс демалудың, өзін-өзі қолдаудың және психологиялық мәдениеттің өмір сапасын арттырудағы рөлін ерекше атап өтті.
Өз психологиялық саулығыңыз – өз қолыңызда!
Сабақ кестесі 