shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зерттеулердің маңыздылығы: Күлтөбе қалашығы негізінде»

2026 жылдың 25 ақпан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасының оқытушысы PhD, доцент Б.С.Сиздиковтың ұйымдастыруымен «Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зерттеулердің маңыздылығы: Күлтөбе қалашығы негізінде» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Келес өзенінің төменгі ағысында орналасқан Күлтөбе қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулермен қатар пәнаралық зерттеулердің нәтижелерін докторанттар мен магистранттарға насихаттау масатында өткізілді. Семинар барысында пәнаралық зерттеулердің бірнеше ғылым салаларының зерттеу әдістерін, теориялары мен тұжырымдамаларын біріктіре отырып, ортақ мәселені шешуге бағытталған зерттеу болып саналатындығын түсіндірді. Сонымен қатар, кез келген ғылыми жобаны жоғары деңгейде орындау үшін бір ғана ғылым саласының әдіснамасы жеткіліксіз екендігін, пәнаралық зерттеулердің (interdisciplinary research) маңыздылығын баяндады. Семинарға Тарих кафедрасының оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар қатысты.