«Сталкинг және кибербуллинг: Жеке кеңістікті қорғау»
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде PhD, доцент м.а. Абдуллина Гүлжан Темиршаровнаның ұйымдастыруымен ГБП-511 тобы студенттеріне арналған «Сталкинг және кибербуллинг: Жеке кеңістікті қорғау» атты маңызды іс-шара өтті. Қазіргі цифрлық заманда смартфон тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік аймағына айналып отыр. Шара барысында студенттерге сталкинг ұғымы, яғни аңду мен қудалаудың мәні түсіндіріліп, көңіл білдіру мен жеке кеңістікті бұзудың айырмашылығы талқыланды. Сонымен қатар кибербуллингтің алдын алу жолдары қарастырылып, желідегі агрессия мен шабуылдарға қалай төтеп беру керектігі айтылды. Студенттерге жеке шекараны қорғау, аккаунт қауіпсіздігі және цифрлық гигиенаның негізгі қағидалары туралы маңызды ақпарат берілді.
Шара қорытындысында Гүлжан Темиршаровна сталкингтің романтика емес, керісінше құқық бұзушылық екенін атап өтті. Егер біреу рұқсатсыз аңдып, жалған аккаунттар арқылы жазып немесе геолокацияны бақыласа — бұл қудалау болып саналатынын жеткізді. Ал кибербуллинг — жай ғана «өзгеше пікір» емес, желідегі қорқыту, беделге нұқсан келтіру немесе моральдық қысым көрсету екенін түсіндірді.
Іс-шара жастардың цифрлық қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталды.
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам
Сабақ кестесі 