Жетістіктер
- Кафедра профессор - оқытушылар құрамының елеулі үлесімен әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда (Scopus, Elsevier, Clarivate Analitic, WoS) 13 мақала жарияланды. Сондай-ақ ҚР БжҒм Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша ғылыми журналдарда, жинақтарда, жақын және алыс шетелдерде соңғы үш жылда 50-ден астам ғылыми мақалалар жарық көрді.
- Соңғы он жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен 2 оқулық, сонымен қатар 18 оқу-әдістемелік кешен шығарылды.
- 2023 жылдың 01-03 наурыз аралығында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА – IAAR) арқылы университетіміз институционалдық аккредиттеу процедурасынан өтіп, 5 жыл мерзіміне сертификат алды.
- Белоруссия жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру академиясы арасындағы 06.06.2023ж. №23/947 ынтымақтастық туралы келісім шарт түзілді.
Ғылыми жобалар:
- Тақырыбы: Шымкент қаласы тұрғындарында аорта және тәж артериясындағы атеросклерозының компьютерлік диагностика зерттеулеріндегі жас ерекшеліктері байланысты скиологиялық көріністері мен сипаттамалары.
«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасының аға оқытущысы, м.ғ.к. Кулаев Қуаныш Тагаевичтың басшылығымен 20-21.09.2024 жылы «Медицинадағы ультрадыбыс: кеше, бүгін, ертең» атты конгрессі ұйымдастырылды.