shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай «Барыңмен бөліс» атты тақырып аясында қайырымдылық іс-шара өткізілді.

     Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің «Ішкі аурулар» кафедрасының  меңгерушісі м.ғ.к. Аманбаева Бахыт Қалбергеновна, аға оқытушы Сарманова Нағима Мусретуллаевна,  аға оқытушы Бекназарова Замираш Абдурахимовнаның басшылығымен «Кардиология ересектер, балалар» білім беру бағдарламасының 1 курс резидент-кардиологтары  1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай «Барыңмен бөліс» атты тақырып аясында қайырымдылық іс-шара өткізді. Мүмкіндігі шектеулі және ерекше балаларға, денсаулықтарында ақауы бар көпбалалы отбасыларға көтеріңкі көңіл – күй мен жүректеріне шаттық сыйлап, аналарына қаржылай көмек көрсетілді. Ойын-сауық аниматорларымен түрлі ойындар мен сайыстар өткізіліп, балаларға тәттілер және ойыншықтар тарқатылды. Ерекше балалардың аналары мен клиниканың басшылығы атқарылған қайырымдылық іс-шараға алғыстарын білдірді. 

          Ясауи университетінің оқытушы профессор құрамы барлық балаларды мерекелерімен құттықтайды! Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Балалар жыламасын! Осындай көңілді көтеріп, жүрекке шаттық сыйлатын шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.