Хабарландырулар

shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қайта құрылуына байланысты академияның емдеу факультеті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралыққазақ-түрік университетінің құрамына өтті. 

Кафедра «Морфологиялық пәндер» болып ашылып, осы күнге дейін атты, құрамына кірген пәндер өзгеріп, қазіргі таңда «Жалпы дәрігерлік практика №2» деп аталады. Сол жылы емдеу факультеті жалпы медицина факультеті болып аты өзгерді. «Жалпы дәрігерлік практика №2» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. доцент Асатай Дауреханов тағайындалды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Асатай Дауреханов кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Кафедрада 6В10155 Жалпы медицина 6-7 ші курс дәрігер-интерндері келесі пәндер бойынша білім алады:

  • Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері;
  • Медициналық санитарлық алғашқа көмек деңгейіндегі ішкі аурулар;
  • Жүктілік кезіндегі ішкі аурулар ағымының ерекшеліктері.

Сонымен қатар кафедрада келесі резидентуралар жұмыс атқарады:

  • 7R01116 – клиникалық фармакология;
  • 7R01129 – патологиялық анатомия;
  • 7R01106 – отбасылық медицина.

Дәрігер – интерн және резиденттер Шымкент қаласында орналасқан келесі клиникалық базаларда білім алады:

  • Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің бас ғимараты;
  • №1 қалалық клиникалық аурухана;
  • «Абдувалиев» клиникасы;
  • Облыстық патологиялық анатомиялық бюро;
  • Облыстық клиникалық балалар ауруханасы;
  • «Абай» клиникасы;
  • Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының №8 бекеті;
  • ДауМед клиникасы;
  • «Онкологиялық орталығымен көпсалалы қалалық аурухана»;
  • «Қалалық диагностикалық орталық»;
  • «Шұбарсу медициналық орталығы»;
  • №1 қалалық емхана;
  • №3 қалалық емхана;
  • №4 қалалық емхана;
  • №5 қалалық емхана;
  • №13 қалалық емхана;