shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Жас өспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау:Дені сау ана дені сау ұрпақ.

Тақырыбы:   « Жас өспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау:Дені сау ана дені сау ұрпақ. »
10.02.26 ж. күні сағат 10:00 Шымкент қаласы, Байтұрсынова 74 А, «Болашақ»Жоғары колледжінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары  оқу орнынан    кейінгі      медициналық білім беру      факультетінің    Акушерлік гинекология кафедрасының оқытушылары мен білім алушыларының ұйымдастыруымени  Университетіміздің Тұрақты даму мақсаттарының  мықты денсаулықпен аманшылық бағыты бойынша «Салауатты өмір сүру» бағдарламасы аясында   «Жас өспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау:Дені сау ана дені сау ұрпақ. » атты іс-шара болып өтті .
    Колледж студентеріне «Етеккір  циклы, ерте жүктілік» атты әлеуметтік бейне ролик көрсетіліп, Акушерлік-гинекология кафедрасының аға оқытушысы Муздыбаева Гаухар Амангелдиевна  «Жас өспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау:Дені сау ана дені сау ұрпақ.»- презентацияны баяндады. Баяндамада Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы – олардың дене және психикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлар, бұл кезеңде жасөспірімдер жыныстық жетілуге байланысты көптеген өзгерістер және   дұрыс ақпарат пен медициналық қызметке қолжетімділік олардың қауіпсіз әрі жауапты шешім қабылдауылары туралы ақпараттар айтылды. Акушерлік-гинекология кафедрасының аға оқытушылары дайындаған сауалнамалар бойынша   залдағы студенттер және оқытушаларға жазбаша сауалнама жүргізіліп, колледж студенттерінің түсінбеген сұрақтар талқыланды. Сауалнама әрі қарай кафедра оқытушыларымен  тағыда талданып, ғылыми журналға мақала ретінде шығатын болады. Іс-шара соңында «Болашақ»Жоғары колледж ұжымы сөз сөйлеп ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғысын білдірді.
         Ғылыми-тәжирибелік семинарның мақсаты:  Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мақсатында, оларға ғылыми негізделген ақпарат беру арқылы ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың және басқа да қауіптердің алдын алу көзделеді. Бұл іс-шара жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар олардың эмоционалдық және психологиялық әл-ауқатын жақсартуға көмектесуді мақсат етеді. Репродуктивті денсаулық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру арқылы жастардың болашақ өмір сапасын арттыруға ықпал етіліп, оларды өз денсаулығы туралы саналы шешімдер қабылдауға ынталандыру көзделеді. Іс-шара барысында жасөспірімдерге дәрігерлер мен мамандардың кеңестері ұсынылып, олардың репродуктивті денсаулыққа қатысты көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап беріледі.