Хабарландырулар

shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

«ТҮРКІСТАН ТАҒЫЛЫМДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Тарих кафедрасының базасында 2025 жылдың 30 сәуір күні «Түркістан тағлымдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция онлайн форматында өтеді. Конференция материалдарының жинағы электронды нұсқада (PDF форматында) таратылады. 

Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылады: 

  •  «Ұлы Даланың жеті қыры» және қазақ руханияты
  • Тарих және этнология
  • Археология және музейтану
  • Филология
  • Әлеуметтану ғылымдары
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар
  • Мәдени мұраны сақтау және туризмнің даму мәселелері.

Өткізілу формасы: онлайн үшін, ZOOM платформасында (сағат 11:00)

Өткізілу формасы: офлайн үшін, Мәдениет орталығының кіші залы (сағат 11:00). Конференцияның ZOOM сілтемесі қосымша жіберіледі.

Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері.

 

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні төмендегі талаптарға сай рәсімделуі қажет:

1. Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.

2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.

3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.

4. Қатараралық интервал - бірлік.

5. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.

6. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].

7. Рефераттық сипаттағы баяндамалар қабылданбайды, студенттердің жеке авторлығындағы баяндамаларға жетекшісінің пікірі болуы міндетті.

8. Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады. 

 

Баяндама мәтіндері 2025 жылдың сәуір айының 28-не дейін қабылданады. 

Ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы: Б.Саттархан даңғылы, 3-ғимарат, 219 каб. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Тарих» кафедрасы. 

Мақаланың (баяндаманың) электрондық нұсқасын мына электрондық почтаға жіберу керек: E-mail: marat.salgaraev@ayu.edu.kz

Байланыс тел: сот. 87002342535Ватсап номер87778849595  М. Т. Салғараев

 

Ұйымдастыру комиссиясы