shape
shape

Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

  • Басты бет
  • Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

Білім беру мақсаттары

Стратегиялық мақсат  -  Қазақстан мен Түркия және басқа түркі тілдес елдер мен қауымдастықтарда соңғы кезде жүзеге асырылып жатқан білім беру саясатындағы түбегейлі өзгерістер, университеттерге жүктелген қызметтер арасында сапалы білім беру қызметін көрсету басты мақсат болып табылады. Білім беру сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Білім беру мақсаты: Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, әмбебап, кәсіби құзыреттерге ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;

Даму принциптері:  кәсіби қызмет нысандарына орта білім беретін оқу орындары: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері (мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі оқу орындары), балалар спорт мектептері мен клубтары; мемлекеттік мекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару ұйымдары болып табылады.

  • дене шынықтыру мен дене тәрбиесі оқытушының тәрбиелік, білім беру, спорттық, ұйымдастыру және сауықтыру жұмыстары;
  • спорт түрлері бойынша жаттықтырушы ретінде мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде топта жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу; 
  • жаттықтыру процесін ғылыми тұрғыдан негізделген жаттығу құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз ету; 
  • дене шынықтыру мен спорт бойынша, жарыстар өткізу және  жарыстарға төрешілік жасау болып табылады;