«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.»
2025 жылдың, 23 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халыкаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерініңқатысуымен Қазакстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылы 08 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара университеттің, Мәдениет орталығының кіші залында өтті. Кездесуге Түркістан қалалық «AMANAT» партиясының төрағасы Сәрсенбаев Ғ.А. және Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультетінің профессоры Абусейтов Б.3. қатысты. Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланып, оны жүзеге асыруға қатысты пікірлер ортаға салынды.