Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

АСТАНАДА ӨТКЕН U20 ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U20 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен келген жас балуандар бақ сынаған бұл жарыс жоғары деңгейдегі тартысты белдесулерге толы болды.

Аталған ел біріншілігінде әйелдер күресінен біздің спортшыларымыз келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • 72 кг салмақ дәрежесінде — Эламас Зейнеп ІІ орын 
  • 62 кг салмақ дәрежесінде — Искандарова Жасмин ІІ орын 
  • 62 кг салмақ дәрежесінде — Нұрла Балнұр ІІІ орын 
  • 50 кг салмақ дәрежесінде — Сапарали Бимариям ІІ орын 

Спортшыларымыз жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулерде өз шеберліктерін дәлелдеп, ел намысын абыроймен қорғады.

Жүлдегерлерімізді құттықтап, алдағы жарыстарда да жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз!