ӨСКЕМЕНДЕГІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҰЛДАНАЙ АБЫЛХАН ТОП ЖАРДЫ
Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан U-23 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты қысқы маусымның қорытынды жарысына айналды. Ольга Рыпакова атындағы манежде өткен ел біріншілігінде еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар бақ сынап, тартысты бәсекелер көрсетті.
Чемпионаттың ең жарқын нәтижелерінің бірі – Түркістан облысының өкілі Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Спорт факультетінің спортшы студенті Ұлданай Абылайханның көрсеткіші болды. Ол 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысында тамаша нәтиже көрсетіп, 6:44,43 уақытпен мәреге бірінші болып жетті. Бұл көрсеткіш осы қашықтықтағы еліміздің жаңа рекорды ретінде тіркелді.
Өскемендегі ел чемпионаты қысқы маусымның нүктесін қойып қана қоймай, болашағынан зор үміт күттіретін жас атлеттердің жаңа есімдерін танытты. Солардың қатарында Ұлданай Абылайханның жарқын жеңісі ерекше атап өтуге лайық.
Жас спортшыны жоғары нәтижесімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!
Сабақ кестесі 