Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҒЫЛЫМ МЕН ДОСТЫҚ КӨПІРІ: ӘЗІРБАЙЖАННАН КЕЛГЕН МЕЙМАНДАР

ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу ордамызға Әзербайжан Республикасының Спорт академиясының бірқатар танымал ғалымдары İlkin Mammadov, İsmayıl Mammadov, Günel Mammadova іссапармен келді.

Қонақтар Спорт факультетіне қарасты білім беру бағдарламаларында –

  •  «Дене шынықтыру және спорт»,
  •  «Бастапқы әскери дайындық»,
  •  «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша дәрістер оқып, оқытушылар мен білім алушылармен тәжірибе алмасуда.

 Сапар барысында Әзербайжандық делегация университет басшылығымен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелерін талқылады.

 Келген меймандар университеттің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәжірибелік орталықтарымен және спорттық инфрақұрылымымен танысуда.

 

Орхун бағдарламасы – түркітілдес мемлекеттердің жоғары білім беру мекемелері арасындағы академиялық алмасу мен интеграцияны дамытуға арналған маңызды жоба. Бұл бағдарлама аясындағы сапар бауырлас халықтар арасындағы ғылыми және мәдени байланысты тереңдетуге үлкен үлес қосуда.

 Бағдарлама шеңберінде Спорт факультеті ұжымы Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарды таныстырып, қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.