Дене мәдениеті кафедрасының 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шарасы
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай оқу ордамызда мерекелік көңіл күй орнады. Спорт факультетінің Дене мәдениеті кафедрасының оқытушы-профессорлары мен студенттері мерекелік шараға белсене қатысып, оқу ордасына келген жандарды ерекше ықыласпен қарсы алды.
Таңертеңнен бастап кафедра ұжымы мен студенттер оқу орнына кірген әрбір жанды жылы жүзбен қарсы алып, гүл шоқтарын табыстап, көктем мерекесіне орай көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, «Апатайым анашым» әні орындалды. Әнді Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағының лауреаты, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, өнертану доценті Сауранбек Еркінбекұлы Елеуов орындап, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар оқу ордамыздың студент қыздарына, оқытушы-профессорлар құрамына, қызметкерлеріне және оқу ордамыздың тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етіп жүрген техникалық қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды.
Сабақ кестесі
Студеннтеріміз пәндік олимпиядадан жүлделі болды 