Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шарасы
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасы ұжым ішінде арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кафедра оқытушы-профессорлары, қызметкерлері және оқу ордамыздың техникалық қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.
Мерекелік кездесудің көркін өнерлі студенттер арттыра түсті. Олар аспаптық әуендер орындап, ән-күй шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мұндай мерекелік шаралар ұжым арасындағы сыйластықты нығайтып, аналар мен аруларға деген құрметтің жоғары екенін көрсетеді.
Аруларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге бақыт, денсаулық, қуаныш және махаббат тілейміз. Көктемнің шуақты мерекесі әрбір күндеріңізге жылы леп пен шабыт сыйласын!
Сабақ кестесі
Студеннтеріміз пәндік олимпиядадан жүлделі болды 