shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ БІРЛЕСКЕН БАСТАМАЛАР: ТҮРКИЯҒА ҚЫЗМЕТТІК ІС-САПАР

2026 жылғы 4 қаңтарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық және әкімшілік құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен құралған делегациясы Түркия Республикасына қызметтік іс-сапармен барды. Делегация құрамында Спорт факультетінің деканы Ермек Сейдахметов те бар.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – Түркияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының тәжірибесімен танысу, академиялық және институционалдық әріптестікті дамыту, сондай-ақ білім беру мен ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға негіз қалау.

Қазіргі уақытта делегация Гази және Хаджеттепе университеттерінде болып, оқу-ғылыми үдерістің ұйымдастырылуымен, инфрақұрылымымен және білім беру бағдарламаларымен танысуда. Сонымен қатар университеттердің халықаралық рейтингтері, аккредитациялау нәтижелері, академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқылануда.

Іс-сапар алдағы күндері Стамбул және Йенишехир қалаларында жалғасып, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған кездесулер өтеді.