shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Студентіміз екі дүркін Азия чемпионы атанды

Спортшы студентіміз Елнұр Төребек каратэден (WKF) екі дүркін Азия чемпионы атанды. Спортшымыз Қытайдың Шаогуань қаласында өткен кадеттер, жасөспірімдер мен U21 жас санатындағы Азия чемпионатында ел мерейін асқақтатты.

5-7 қыркүйек аралығында өткен әлемдік дода тартысқа толы болды. Спорт факультетінің 2-курс студенті Елнұр Төребек 60кг салмақ дәрежесінде қарсыласын жеңіп, алтын медальға ие болды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық құрама мүшелері 17 медальды қанжығасына байлады. Қазақстан спортшылары 4 алтын, 3 күміс және 10 қоланы ел қоржынына салды. 

Екі дүркін Азия чемпионы атанған спортшымыз Елнұрды шын жүректен құттықтаймыз, алдағы бәсекелеріңе тек сәттілік.