АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА СТУДЕНТІМІЗ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ БОЛДЫ
Түркістан қаласында 2025 жылдың 28-29 қазан аралығында қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
70 кг салмақта бақ сынаған Қыдырәлі Ақбота үздік өнер көрсете отырып, күміс жүлдегер атанды. Оның бұл жетістігі қазақ күресінің дамуына және спортшының жеке жетістіктеріне қосқан үлкен үлесі болып табылады.
Спортшының жеңісі Түркістан облысының спорт саласындағы мәртебесін арттырып, жастарға үлгі болары сөзсіз. Қыдырәлі Ақботаға әрі қарай да сәттілік тілейміз!
Сабақ кестесі
Студеннтеріміз пәндік олимпиядадан жүлделі болды 