СПОРТШЫМЫЗ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан қаласында әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған ересектер арасындағы қазақ күресінен Әлем кубогы өтті. Ауқымды додаға 14 елден келген 100-ге жуық спортшы қатысып, 8 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Осы жарыста университетіміздің студенті Жұмажан Қожамбеков 74 келі салмақ дәрежесінде ерекше шеберлік пен табандылық танытып, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Нәтижесінде ол қазақ күресінен Әлем кубогының иегері атанып, ел абыройын асқақтатты.
Бұл жеңіс — жас спортшымыздың еңбегінің, төзімі мен ерік-жігерінің жемісі. Біз Жұмажанға спорттық жолында толайым табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
АПТАЛЫҚ МЕДИА ЖОСПАР
Студеннтеріміз пәндік олимпиядадан жүлделі болды 