Білім беру мақсаттары
Стратегиялық мақсат - қазіргі заманғы кәсіби шығармашылық білім беру қызметін көрсетумен ғана шектелмей, оқытудың жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, адамгершілік-интеллектуалдық, және ғылыми дамуы, кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу принципіне негізделген. Кәсіби білім беру қызметі аясында тұтынушылардың білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы мазмұнының еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламаларын белсенді іске асыру.
Білім беру мақсаты: Көркем шығармашылық және дизайнды ғылыми және эстетикалық критерийлері бар үлгіге сай, сәндік қолданбалы өнердің теориялық және практикалық білімдерін, технологияларын игеру арқылы өзін-өзі көрсетудің, ұлттық болмыс пен мәдени әртүрлі нысандарын игеруге бағытталған білім беруді жүзеге асыруға қабілетті кадрларды дайындау.