shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Бейнелеу өнері кафедрасы 2004 жылы болып құрылды. Кафедрада 3 бакалавр, 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады.

Білім беру бағдарламалары:

  • 6B02126 — Дизайн; 
  • 6В01478 — Көркем еңбек және графикалық жобалау; 
  • 6B02184–«Сәндік қолданбалы өнер»; 
  • M007–«Бейнелеу өнері және сызу» магистратура.

Кафедраның штат бойынша 19 оқытушы профессор құрамы жұмыс атқарады. Оның ішінде, 2 ғылым кандидаты, доцент (ЖАК); 4 PhD , аға оқытушы; 6 аға оқытушы, 7 магистр оқытушы. Сонымен бірге 1 кафедра лаборанты, 2 оқу шебері, 1 инженер, 1 шеберхана меңгерушісі бар. Кафедраның  ғылыми  дәрежелілігі – 40% құрайды. ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Б.Ауелбеков, PhD доктор  Е.К.Рысымбетов, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшелері, аға оқытушылар Е.Мамбетаев, А.Сәдібек, М.Шаханбаев, А.Накбаева, Н.Ауелбеков, С.Алтышев, ҚР Қолөнершілер Одағының мүшесі М.Айдарша т.б. қажырлы еңбек етуде.

Кафедрада арнаулы мамандықтар бойынша пәндердің сабақтары кескіндеме, сурет, өнер тарихы, көркем өнер, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш, темір шеберханаларында өткізіледі. Шеберханалар мен арнайы дәрісханалар қазіргі талап деңгейінде жабдықталып, безендірілген. Университетте кафедра ОПҚ және студенттерінің шығармашылық көрмелері ұйымдастырылады. Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми конференцияларға белсене қатысады.

«Дизайн» білім беру бағдарламасын бітірушілер дизайн саласындағы мемлекеттік және жеке кәсіпорындарында дизайнерлік қызметтер немесе жоғары, орта және арнаулы оқу орындарында шығармашылық-педагогикалық қызметтер атқарады.

«Көркем еңбек және графикалық жобалау» білім беру бағдарламасын бітірушілер жалпы білім беретін мектептерде «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Графика және жобалау» пәндерінің мұғалімі қызметіне, бейнелеу өнері салалары бойынша арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне педагогикалық кәсіби маман болып дайындалады. Бакалавриат мамандарға M007–«Бейнелеу өнері және сызу» магистратура білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық білімін жалғастыруға болады. Бұл білім беру бағдарламасын бітірушілер ЖОО-да, кәсіби-педагогикалық колледждерде ғылыми-педагогикалық және ғылыми-шығармашылық қызметтер атқара алады.

«Сәндік қолданбалы өнер» білім беру бағдарламасын бітірушілерге «Көркемөнер суретшісі» біліктілігі беріледі. Бітірушілер халық шаруашылығының түрлі саласына қажетті көркемдеу іс-әрекеттерін, шығармашылық жұмыстар жасаумен айналысады. Сонымен қатар көркемөнерге жас жеткіншектерді гобелен, ши, тоқымашылық т.б. қолөнер салаларына баулу қызметін атқарады.