Тарих және жалпы ақпарат
.png)
Бейнелеу өнері кафедрасы 2004 жылы болып құрылды. Кафедрада 3 бакалавр білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.
Білім беру бағдарламалары:
- 6B02126 — Дизайн;
- 6В01478 — Көркем еңбек және графикалық жобалау; 6В01428 – IT Көркемдік білім;
- 6B02184– Сәндік-қолданбалы өнер
Кафедраның штат бойынша 17 оқытушы профессор құрамы жұмыс атқарады. Оның ішінде, 1 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор; 4 PhD, аға оқытушы , 2 ҚР мәдениет саласының үздігі; 8 аға оқытушы, 2 магистр оқытушы. Сонымен бірге 1 кафедра лаборанты, 2 оқу шебері, 1 инженер, 1 шеберхана меңгерушісі бар. Кафедраның ғылыми дәрежелілігі – 40% құрайды. ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Б.Ауелбеков, PhD докторлар Е.К.Рысымбетов, Г.Г.Масадикова, Ә.М.Ерденова, Г.Кошенова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Е.Мамбетаев, М.Айдарша, аға оқытушылар, А.Сәдібек, М.Шаханбаев, А.Накбаева, Г.Абдуллаева, К.Касимбекова, М.Сейсембекова, Д.Есеналиева, М.Матеева, магистр-оқытушылар С.Ергешова, Н.Ауелбеков қажырлы еңбек етуде.
Кафедрада арнаулы мамандықтар бойынша пәндердің сабақтары кескіндеме, сурет, өнер тарихы, көркем өнер, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш, шеберханаларында өткізіледі. Шеберханалар мен арнайы дәрісханалар қазіргі талап деңгейінде жабдықталып, безендірілген. Университетте кафедра ОПҚ және студенттерінің шығармашылық көрмелері ұйымдастырылады. Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми конференцияларға белсене қатысады.
«Дизайн» білім беру бағдарламасын бітірушілерге зерттеулерге негізделген өнімдерді құрастыра алу, дизайнды ғылыми және эстетикалық критерийлері бар үлгіге айналдыра алу және сән дизайны саласында дағдыларды меңгеру арқылы өзгеретін білікті кадрларды дайындау. Сән үйлерінде дизайн саласындағы кәсіби біліктілікке жету үшін үйлесімді әдемі кеңістікті жасай білуде, көркемдік жобалаудың жаңа әдістерін, түрлерін және құралдарын қолдана білуді оқыта отырып, қазіргі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалау-конструкторлық бұйымдардың, заттардың жаңа модельдерін, макеттерін, жобаларын жасау болып табылады.
«Көркем еңбек және графикалық жобалау» «Көркемдік білім (ІР) білім беру бағдарламалары бітірушілер жалпы білім беретін мектептерде «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Графика және жобалау», Еңбекке баулу, Тұмыстық мәдениет, Тамақтану мәдениет және аспаздық жұмыстар, Материалдарды өңдеу және практикумы т.б. пәндерінің мұғалімі қызметіне, бейнелеу өнері салалары бойынша арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне педагогикалық кәсіби маман болып дайындалады. Бакалавриат мамандарға M007–«Бейнелеу өнері және сызу» магистратура білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық білімін жалғастыруға болады. Бұл білім беру бағдарламасын бітірушілер ЖОО-да, кәсіби-педагогикалық колледждерде ғылыми-педагогикалық және ғылыми-шығармашылық қызметтер атқара алады.
«Сәндік - қолданбалы өнер» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер өзінің кәсіби қызметін өнер саласындағы халық дәстүрлерін, отандық және халықаралық тәжірибе мен заманауи жетістіктерді пайдалана отырып, бірегей сәндік өнер туындыларын орындау аясында жүзеге асырады. Сәндік - қолданбалы өнердің теориялық және практикалық білімдерін, технологияларын игеріп, сәндік өнер шығармаларын жасауда және шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті өнер түлектер дайындайды.