shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты ашық тәрбие сағаты

Ұйымдастырушылар: тәлімгерлер, Г.Шукенова, Т.Мейірбеков

Қатысқандар: «Жалпы пәндер» бөлім басшысы Л.Алимбекова және оқытушылары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар мен тілдік даярлық деңгейін арттыру бағытындағы тыңдаушылар

 « Салауатты өмір салтын қалыптастыру» спорттық ойындар сайысы.

Мазмұны: Біздің мақсатымыз табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегенің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.

Тыңдаушылар 4 топқа бөлініп, жарысты: 1. «Барыс», 2. «Қыран», 3. «Жалын», 4. «Жас ұлан». Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1. Ракеткамен желбіршекті алып өту.

2. Баскетбол добын нысанаға дәл түсіру  

3. Қысқа найзаны нысанаға тигізу.

4. Арқан тарту. 

Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды және ойында белсенділік танытқан жеңімпаздарды марапаттады.