Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

МАҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Жаратылыстану ғылымдары факультетінде – «Инволютивті түрлендірулері бар интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін көп нүктелі шеттік есептерді шешу әдістерін құру» атты ғылыми семинар өтті. 

Негізгі мақсат – инволютивті түрленген дифференциалдық және интегралдық – дифференциалдық теңдеулерді шешу үшін параметрлеу әдісін қолдану.

Математика кафедрасының доценті, физика- математика ғылымдарының кандидаты Қ.Ы.Усманов  жасаған баяндамасында маңызды мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда: инволютивті түрленген дифференциалдық және интегралдық – дифференциалдық теңдеулерді шешу кезінде Коши есебінің бірмәнді шешімділігі айтылды.

 Сонымен қатар,  инволютивті түрленген дифференциалдық және интегралдық – дифференциалдық теңдеулердің бірмәнді шешімділігі енгізілген параметрлерге қатысты пайда болған сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімділігімен тығыз байланысты екекдігі көрсетілді.

Жиын соңында қатысушылар баяндамаға сай сұрақтар қойып, пікір алмасты.