Біліктілікті арттыру орталығы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің біліктілікті арттыру орталығы Университет Жарғысы, Орталық туралы ереже негізінде әрекет етеді және Академиялық мәселелер вице-ректорына тікелей бағынады.
Орталықтың негізгі мақсаттары:
- біліктілік шеңберінде кәсіби деңгейді жетілдіру және (немесе) кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа құзыреттілікті алу;
- ОПҚ-ны білім берудің жаңартылған мазмұнын, құрылымын және инновациялық технологияларын оқу процесіне енгізуге даярлау;
- университеттің бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
- білім беру процесінің менеджментін жетілдіру болып табылады.
Орталықтың қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- педагогикалық және кәсіби шеберлікті арттыру, кәсіби құзыреттілікті меңгеру;
- ғылымның, прогрессивті техника мен технологияның заманауи жетістіктері негізінде теориялық және практикалық білімді тереңдету;
- оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру ;
- кәсіптік білім берудің инновациялық технологияларын тарату және игеру;
- педагогикалық технологияларды жетілдіру және заманауи технологияларды енгізу;
- педагог кадрлардың жетекші кәсіби шеберліктерін, кәсіби-жеке қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ғылыми әлеуетін арттыру.
Негізгі бағыттары:
- біліктілікті арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес оқытушыларды ҚР орталық және жақын және алыс шетел ЖОО-на жіберу;
- жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері, кредиттік оқыту технологиялары, компьютерлік технологиялар негіздері және т. б. бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері, қала мен облыстың мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері, орта-арнайы, кәсіптік білім беру басшылары, кәсіпкерлер үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
- педагогикалық білімі жоқ, кәсіптік білімі бар азаматтарды қайта даярлау;
- педагогикалық бейін бойынша білім беру бағдарламасын оқыту;
- түлектердің қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- мекемелер қызметкерлерінің сұраныстарына қарай курстар ұйымдастыру.
Біліктілікті арттыру орталығы оқытудың мынадай түрлерін пайдалана отырып бағдарламаларды іске асырады:
- қысқа мерзімді курстар;
- ұзақ мерзімді курстар
- онлайн курстар;
- тренингтер;
- семинарлар;
- вебинарлар;
- дайындық курстары.
Біліктілікті арттыру курстары оффлайн, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мекен жайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов 29.
Орталықтың штаттық бірлігі:
Орталық директоры
Жоба менеджері-3
Маман