Біздің қызметтеріміз
Лингвистикалық орталық әрдайым білім беру сапасын жетілдіре отырып, барлық оқу түрлері бойынша сабақ жүргізеді және төмендегідей қызметтерді атқарады:
Орталық жалпыға бірдей білім беру стандартындағы мамандықтарға сай орталық оқу жоспарын жасайды және ол университеттің академиялық комитетімен мақұлданып, университет ректорына бекітуге жібереді. Сонымен қатар, орталық әр пәнге әр деңгейге арналған сай оқыту бағдарламаларын жасайды.
Қызметтеріміз:
- Орталықтың оқу пәндері бойынша академиялық негізін қамтамасыз ету: оқулықтар, оқу құралдары, тапсырмалар жинақтары, кешенді тапсырмалары, практикалық тапсырмалар пәнді үйрену үшін әдістемелік ұсыныстар, сондай-ақ оқытудың барлық түрлері бойынша қорытынды және ағымды бақылау материалдарын әзірлеу;
- Орталық пәндері бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүргізу, сабақ жүргізудің сапасын қамтамасыз ету;
- білім алушылардың оқу материалын қабылдауын арттыратын қазіргі заманғы оқыту технологияларын әзірлеу және қолдану;
- білім алушылардың ізденушілік, шығармашылық, талдау және олардың қызмет нәтижелерін қалыптастыру қабілеттерін дамытуға бағытталған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу – әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- мамандарды даярлауда кәсіпорындармен, ұйымдарымен, мекемелерімен іскерлік ынтымақтастықтың түрлерін дамыту.
Орталық кешенді әдістемелік қамтамасыздандыруды ұйымдастырады: орталық кітаптарымен, оқулықтарымен, әдістемелік құраладарымен, лекция жинақтарымен, оқыту жұмыстарын жаңаша жүргізуге арналған оқу-әдістемелік материалдармен, қазіргі заманға сай техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Орталық құрамымен ғылыми семинарлар, конференцияларға қатысуын қолдайды.