shape
shape

Кіріспе

Біз туралы

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Лингвистикалық орталық тілдердің құрылымын әлеуметтік қызметін реттеп студенттердің тіл білімі мен олардың жалпы заңдылықтары мен олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 1.2. Лингвистикалық орталық тілдерді үйрету жұмыстары теориялық дайындықты меңгерген, кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары, мемлекеттік білім беру стандартына сай кәсіби тіл дағдыларын үйретуге бағытталады. 1.3. Қазақстан Республикасы бекіткен мемлекеттік лицензияланған жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша Лингвистикалық орталық күндізгі оқыту түрінде білім береді. 1.4. Орталық құрамына орталық директоры, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, лаборант кіреді. 1.5. Лингвистикалық орталығына директор жетекшілік етеді. Орталық директоры тікелей ректорға бағынады. Түрлі бағыттардағы қоғамдық жұмыстардың алуандығына қарай орталық директоры тиісті вице-ректорға бағынады. 1.6. Орталық директоры белгілі себептермен жұмыста болмаған жағдайда уақытша оның міндеттері ректор келісімімен басқа тұлғаға жүктеледі. 1.7. Орталық директоры Қазақстан Республикасының Білім заңын, ҚР білім және ғылым минстрлігінің нормативті – құқықтық актілерін, университет Жарғысын университет ректорының бұйрықтарын, вице-ректорлар талаптарын орындауға тиіс. 1.8. Лингвистикалық орталық жұмысын және туындаған мәселелерді талқылап тиісті шешімдер қабылдау үшін айына бір рет мәжіліс ұйымдастырылып, оған оқытушы- профессорлар құрамы қатысады. 1.9. Лингвистикалық орталық оқу процесін ұйымдастыру мен әдісі және т.б. мәселелерге бағытталған жұмыстардың құжаттарын жүргізеді. Құжаттар тізбегі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры бекіткен іс-қағаздар ережесі бойынша анықталады. 1.10. Лингвистикалық орталыққа арнайы мүліктер мен жабдықтар үшін материалдық жауапкершілік жүктелген. 1.11. Лингвистикалық орталық жұмысының нәтижесіне орталық директоры толық жауапты.