shape
shape

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру

  • Басты бет
  • Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторы

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторының мақсаты мемлекеттік, халықаралық мекемелер және жеке кәсіпорындар тарапынан ұйымдастырылатын гранттық негіздегі конкурстар арқылы университет ғалымдарының ғылыми-техникалық зерттеу жобаларының әлеуетін арттыру және ғылымның инновациялық басым бағыттарының әлемдік зерттеулерге кіруін қолдау, сонымен қатар университеттен шыққан өнеркәсіптік инновациялық қызмет түрлерін коммерцияландыруға жәрдемдесу болып табылады.

 

Нормативтік құжаттар

Жұмыс нұсқаулығы

Конкурс ережесі

ҚР Әділет министрлігі

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторының жұмыс нұсқаулығы

"Ғылым қоры" АҚ гранттық жобаларға қатысу ережесі

Ғылым және технологиялық саясат туралы

Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау

 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

Жоба мақсаты: Арал - Сырдария өңірінің субаридті жағдайына бейімделген, стреске төзімді ағаш және бұта өсімдіктерінің көшеттерін өсіру.
Жоба аясында:

  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген инновациялық зертхана құрылды;
  • Зертханада декоративті өсімдіктердің микроклондық зерттеулері жүргізіледі;
  • Ботаникалық бақ аумағына 14 түрлі сәндік ағаштың тұқымдары егілді;

Жоба мақсаты: Қызыл калифорниялық құрттардың дәрумендірілген биомассасымен жемшөп ақуызды азықтық вермиқоспаларды түйіршіктер түрінде өндіру, сату.
Жоба аясында:

  • Ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
  • Шикізат дайындау үшін жылыжай салынды;
  • Шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған қойма дайындалды;
  • Қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды;
  • Өнімге сертификаттар, патенттер алынды;

Жобаның мақсаты: еліміздің халқын сапалы экологиялық таза жеміс және кептірілген жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету, қалдықсыз өнім өндіру, сондай-ақ ботаникалық бақтың көркейіп гүлденуіне атсалысу.
Жоба аясында:

  • Тозған ескі ғимарат толық жөндеуден өтіп - жемістерді сақтау, қайта өңдеу цехі және ағаш қалдықтарынан жаңқа өндіру өндірістік орындары дайындалып іске қосылды;
  • Өндірістік цехтерге кептіргіш аппараттар, тоңазытқыштар, жуатын, кесетін, қаптайтын және тағыда басқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды және орнатылды;
  • Биотехнология зертханасына зерттеу жүргізу мақсатында қажетті химиялық реактивтер, ботаникалық бақтағы жеміс ағаштарына қажетті тыңайтқыштар сатып алынды;
  • Ботаникалық бақтағы ағаштарды суару жүйесін оңтайландыру және суды үнемдеу мақсатында 10 га дан астам жерге тамшылатып суару жүйесі орнатылды;
  • Жеміс ағаштары алқабының 15 га жері арамшөптер мен қураған ағаш бұтақтарынан тазаланды;
  • 11 га жеміс ағаштары алқабына фитосанитарлық және күтіп баптау жұмыстары жасалынды;
  • 11 га өрік және алма ағаштары алқабына өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы дәрілеу жұмыстары және т.б. жұмыстар жүргізілді;