Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады
Күні: 2025 жылғы 4 қыркүйек
⏰ Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша)
Формат: онлайн (Zoom)
Вебинар не туралы?
Бүгінде венчурлық қаржыландыру компаниялардың жылдам өсуі мен жаңа нарықтарға шығуы үшін негізгі құралға айналуда.
Вебинардың мақсаты – кәсіпкерлерге, зерттеушілерге және стартап-командаларға практикалық білім беру: инвестиция тартуға компанияны дұрыс дайындау жолдары; жобаларды іріктеу кезінде венчурлық қорлардың қолданатын негізгі критерийлері; инвесторлармен келіссөздерде негізін қалаушылар жиі жіберетін қателіктер; венчурлық капиталды пайдалана отырып, бизнесті кеңейту стратегиясын құру; Қазақстан мен шетелдегі инвестиция тартудың нақты кейстері.
Спикерлер
Әсел Жүнүсова – Қазақстандағы №1 бизнес-эксперт (2021), NC компаниялар тобының бас директоры, Қазақстан ғылымды коммерцияландыру одағының вице-президенті, ЕАЭО-ның сертификатталған бизнес-трекері.
Инновациялық компанияларды дамыту, бизнес-модельдерді құру және стартаптарды инвестицияға дайындау саласының сарапшысы.
Болат Башеев – Axiom Capital венчурлық қорының директоры, тікелей және венчурлық инвестициялар саласының маманы, бірқатар ұлттық компанияларда тәуелсіз директор, IT және инвестициялар саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Ондаған инвестициялық мәмілелерді жүзеге асырған, Қазақстандағы жетекші IT-компаниялардың дамуына қатысқан.
Бұл вебинар кімге пайдалы?
жаңа нарықтарға шығуды және өсуді жоспарлаған кәсіпкерлерге; инвесторлармен кездесуге дайындалып жүрген стартап-командаларға; ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруға ниетті ғалымдар мен зерттеушілерге; қаржыландырудың жаңа көздерін іздейтін компания басшыларына.
Іс-шараға қатысу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/88145056092?pwd=rdzvX3Y3laCdFWRVX8JarHrWKpLvVb.1
Идентификатор: 881 4505 6092
Кіру коды: 773140
Байланыс үшін:
a.zheksembayeva@science-fund.kz
+7 71 72 57 50 22