YASAWI-STARTUP бағдарламасы аясында іске асырылып отырған "Ai-Keden" жобасы
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті арасында маңызды ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Аталған құжат YASAWI-STARTUP бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «AI-Keden» жобасын одан әрі дамыту және оны тәжірибеге енгізу мақсатында екі тараптың өзара әріптестігін нығайтуға бағытталды.
«AI-Keden» жобасы заманауи цифрлық және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы мемлекеттік кірістер қызметтерінің сапасын арттыруды, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қызметтерді анағұрлым қолжетімді әрі тиімді етуді көздейді.
Қол қойылған меморандум өңірдің экономикалық дамуына серпін беріп, цифрландыру үдерісін жеделдетуге және инновациялық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуге ықпал ететіні атап өтілді.
Бұл келісім Түркістан өңіріндегі инновациялық экожүйені дамыту жолындағы маңызды әрі нақты қадамдардың бірі болды.
«Инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру» онлайн-воркшопы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады