Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

"Жасанды интеллект пен құқықтану коллаборациясына негізделген AI-Startup воркшопы"

Бүгін Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жасанды интеллект пен құқықтану саласының өзара ықпалдастығына негізделген AI-Startup воркшопы сәтті өтті.

Іс-шара барысында студенттер жасанды интеллект технологияларын стартап идеяларына тиімді қолдану, цифрлық өнімдерді дұрыс жоспарлау, сондай-ақ құқықтық бағыттағы инновациялық шешімдерді әзірлеу бойынша құнды практикалық тәжірибе жинақтады.

Воркшоптың интерактивті форматы қатысушыларға жеке және топтық жұмыс жүргізуге мүмкіндік беріп, олардың практикалық дағдыларын дамытуға және креативті ойлау қабілеттерін жетілдіруге жол ашты.

Аталған іс-шара университет қабырғасында инновациялық ойлауды дамытуға, стартап мәдениетін қалыптастыруға және жас мамандардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.