YASAWI STARTUP инкубациялық бағдарламасының 7-ші ағымы Demo day
YASAWI STARTUP инкубациялық бағдарламасының 7-ші легі өз мәресіне сәтті жетті.
Demo Day аясында қатысушылар инкубация кезеңінде меңгерген білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін ұсынып, өз стартап жобаларын нақты нәтижелер арқылы таныстырды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша ұсынылған 9 жобаның 7-еуі MVP деңгейіне дейін жетіп, командалардың нарыққа шығуға жоғары дайындықта екенін көрсетті. Бұл — қатысушылардың жүйелі жұмысы мен бағдарламаның тиімділігінің айқын дәлелі.
Demo Day барысында жобаларды өңірдің тәжірибелі кәсіпкерлері мен салалық мамандарынан құралған сарапшылар алқасы бағалады. Сарапшылар құрамында:
• Нұрғазы Чами — «TURAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы АҚ Талдау және экономикалық жоспарлау департаментінің директоры;
• Пляева Сымбат — «Simbas School» тіл үйрету мектептері желісінің негізін қалаушы, директор;
• Әбсейт Алтынбек — Farabi School білім беру орталығының негізін қалаушы;
• Арыстанов Жандос — Түркістан қалалық мәслихатының депутаты болды.
Алдағы уақытта перспективалы жобаларды қолдау, оларды түрлі гранттық бағдарламалар мен байқауларға ұсыну бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Біз стартап экожүйесін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды әрі қарай да жүйелі түрде жалғастырамыз.
Келесі легінде кездескенше!
YASAWI STARTUP бизнес-инкубаторы жас кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асырып, нарыққа жаңа мүмкіндіктермен шығуға қолдау көрсетуді жалғастырады
.jpg)



«Инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру» онлайн-воркшопы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады